×

Алматы әуежайының бұрынғы президенті 8 жылға сотталды

Айыпталушылар кінәларын мойындамады

Алматы әуежайының бұрынғы президенті 8 жылға сотталды
Фото: shutterstock және facebook.com\airport.almaty

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Алматы халықаралық әуежайының экс-президенті Б.-ға және авиациялық жанар-жағармай қызметінің басшысы Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соттың мәліметінше, Б. 2016 жылдан бастап әуе кемелеріне жанар-жағармай құю үшін «ТА» ЖШС арқылы авиа тасымалдаушылардан алынған қаражатты ұрлау схемасын әзірлеп, жүзеге асырған.

«Қылмыстық жоспарын жүзеге асыруға ол өзінің алыс туысы – әуежайдағы авиациялық жанар-жағармай қызметінің басшысы Т.-ны тартқан. Осылайша, Б. Т.-ға «Украина» халықаралық авиакомпаниясының ұшақтарына жанармай құю кезінде отын шығыны туралы екі түрлі тапсырыс жасауды тапсырған. Толтырылған жанармайдың нақты көлемін көрсететін бір тапсырыс ұшақ экипажына берілген. Оған сәйкес, әуе компаниясы «ТА» ЖШС-не төлем жасаған. Екінші тапсырыста әуежай қызметкерлері құйылған жанармай көлемін аз қылып көрсеткен. Орташа алғанда әр толтыру көлемі 5 тоннаға кем бағаланған.

Осылайша, әуе компаниясы құйылған авиакеросиннің нақты көлемі үшін «ТА» ЖШС-не ақша аударса, ЖШС өз кезегінде төмендетілген көлем үшін әуежайға төлем жасаған», – делінген Алматы соттарының ресми парақшасы.

Б. және Т. жанармай көлемінде аз айырмашылық көрсету үшін, ұшу-қону жолақтары мен әуе кемелерінің тұрағын тазартуға шыққан жел машиналарының реактивті қозғалтқыштарына жұмсалды деп жалған есеп шығарған.

Әуе жанармайы көлемінің айырмашылығына байланысты ЖШС шотында қалған ақша қаражаты алынып, аталған заңсыз әрекетке қатысы жоқ оның кеңесшісі және жүргізушісі арқылы Б.-ға аударылған.

Сот-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, 2016 жылдың басынан 2018 жылдың маусымына дейінгі кезеңде қылмыстық әрекеттерден келген шығын 1 миллион 250 мың АҚШ долларын (411,6 миллион теңге) құрады.

Б. және Т. 913 165 АҚШ доллары сомасындағы қаражатты өз қалауы бойынша тікелей иемденген.

Айыпталушылар кінәларын мойындамады.

Сот үкімімен Б. және Т. кінәлі деп танылып, әрқайсысына 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқару және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →