×

Қарағанды облысында полиция жүргізушіні 100 шақырым бойы қуған

Жүргізушіге қарсы қоян-қолтық ұрысының әдістері қолданылды

Қарағанды облысында полиция жүргізушіні 100 шақырым бойы қуған
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында Қарағанды облысының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург тас жолының Қарағанды – Балқаш бағыты жабылған болатын, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Осыған орай Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентінде көлік ағынын тоқтату мақсатында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі, облыстық ПД патрульдік полиция батальоны мен әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінен тұратын блок-бекет қойылды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқару кезінде Балқаштан Қарағандыға келе жатқан Toyota Highlander автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, жолдың қарсы бағытына шығып, Қарағандыға қарай бет алған.

Осы кезде патрульдік полиция батальонының взвод командирі А. Нақыпбеков және Шет аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Д. Әкімов аталған көлікті қызметтік автокөлікпен тоқтатпақ болған. Алайда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі тәртіп сақшыларының алдына шығып, тоқтатуына кедергі жасап, жол бермеген.

«Тәртіп сақшылары қосымша полиция жасағын шақырып, 100 шақырым жол жүріп, Абай ауданына қарасты Жұмабек елді мекенінде бір-ақ тоқтаған. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатқанмен, жүргізуші көлік ішінен шықпай, полицейлерді біраз әуре-сарсаңға салған», – делінген полиция хабарламасында.

Кейін көлікті мәжбүрлі түрде ашу туралы ескертпеден кейін ол есігін ашқан. Көліктен шыққаннан кейін жүргізуші полицейлерге қарсылық танытып, оған қарсы қоян-қолтық ұрысының әдістері қолданылып, құқық бұзушы Шет аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Оған қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 3-бабы (жолдың қарсы бағытына шығу, жол-көлік оқиғасын жасауға жағдай тудыру, ішкі істер органы қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша хаттама толтырылды.

Жинақталған материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 606-бабы 1-тармағына қатысты толтырылған хаттама бойынша жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл толтырылды.

Егер сот жүргізушіні кінәлі деп таныса, оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 613-бабы 1-тармағына қатысты 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 3 тәулікке дейін қамауға алу, 667-бабы 1-тармағына сәйкес 30 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу, сонымен қатар 596-бабы 3-тармағына сәйкес 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ертіс – достық өзені»: Абай облысында «Мөлдір бұлақ» апталығы өтіп жатыр
Бүгін, 10:30

«Ертіс – достық өзені»: Абай облысында «Мөлдір бұлақ» апталығы өтіп жатыр

Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →