×

«Шұбарлап сөйлеуді дәстүрге айналдырып алды». Танымал жазушы тіл бұзатын тележүргізушілерді шектеуді ұсынды

Бесігіңді түзеу – эфиріңді де түзе деген сөз

«Шұбарлап сөйлеуді дәстүрге айналдырып алды». Танымал жазушы тіл бұзатын тележүргізушілерді шектеуді ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Роза Мұқанова телеарналар тіл бұзарға айналғанын жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Телеарналар  кейінгі екі жылда екі тілді араластырып отырып, міз бақпай шұбарлап  сөйлеуді дәстүрге айналдырып алды. Кеңестік заманда да эфирде шұбарлап сөйлеуге рұқсат етпейтін. Қазір  телехабар жүргізушілер тілі жетпесе, орыс тілінде ойын жеткізіп отыра береді», – дейді Роза Мұқанова.

Ол бұған жол беруге болмайтынын, эфир мәдениетіне де үлкен сын екенін айтқан.

«Жүргізуші қазақ тілінде сөз саптап әуелі үйренсін, тәжірибеден өтсін. Эфир ошақ басы емес, халықтың сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастырады. Осылай араластырып, әркім білгеніне салса, жалпы сөйлеу, қарым- қатынас мәдениетінен де біржола айырыламыз. «Өзін-өзі сыйласа, жат жанынан түңілер». Біз өзімізді қадірлей алмай отырмыз. Бесігіңді түзеу – эфиріңді де түзе деген сөз! Бізге қылжақтап, ыржақтап, ырбақтап  ана тілінде не айтып, не қойып отырғанын білмейтін жүргізушілерді шектеу керек», – дейді жазушы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →