×

Бішкекте қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

Қаржы пирамидасы туралы вайнерлер ісі

Бішкекте қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды
Фото: mvd.gov.kg

Бішкекте бет-әлпетті тану функциясы бар сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен Қазақстанда іздеуде жүрген азамат анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бейнебақылау жүйесі қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны үшін іздеуде жүрген адамды анықтаған.

"2023 жылдың желтоқсан айының соңғы күндері Бішкек қаласында Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 217-бабы "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бойынша іздеу жариялаған Қазақстан азаматы О.А. анықталды. Бұлтартпау шарасы қамауға алу болып табылады", – делінген хабарламада.

Қазақстанда 2021 жылдың сәуірінде зардап шеккен инвесторлар үш компанияның қызметіне қатысты полицияға ұжымдық шағым түсіріп, оларды қаржылық пирамида деп атады. Бұл компаниялар өздерін инвестициялар саласында табысты ұйымдар ретінде көрсетті. Сондай-ақ қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілініп, ұсталған Алматы қаласының тумасы азамат О.А. Пайдалы инвестицияларды имитациялайтын осы "жобаның" жетекшілерін ұстай бастағанда, ол қашып үлгерген.

"Компаниялар инвесторлардан бірнеше миллиард теңге көлеміндегі қаражатты заңсыз тартқан. Кіріс қаражат ағынын ұлғайту үшін қаржы пирамидаларының қызметіне белгілі блогерлер тартылған. Сот екі вайнерді қаржылық пирамидадағы әрекеті үшін бес жылға бас бостандығынан айырды", – делінген хабарламада.

Бішкекте ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 2023 жылы 23 маусымда қазақстандық вайнерлер Төребаев пен Шерниязовқа қаржылық пирамида ісі бойынша үкім шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →