×

Оралдағы жарылыс: Ғимаратты жалға алушы қамауға алынды

Тергеу барысында күдікті қамауға алынады

Оралдағы жарылыс: Ғимаратты жалға алушы қамауға алынды
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Оралда жарылыс болған дәмхананы жалға алушы қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

«Орал тергеу соты кәсіпкерді екі айға қамауға алуға санкция берді. Ол «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді», – деп жазды басылым.

Прокурордың айтуынша, 6 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігінде көзделген «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» қылмысын жасады деген күдікпен дәмхананы жалға алушы ұсталды.

«Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажет, өйткені жасалған қылмыстық іс-әрекет ауыр қылмыстар санатына жатады. Бұл үшін бес жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті У. бостандықта болған кезде істі объектив тергеуге кедергі келтіруі мүмкін», – делінген мемлекеттік айыптаушы сотта.

Еске салайық, Оралда 4 қаңтарға қараған түні газ-ауа қоспасы жарылып, екі қабатты дәмхана ғимараты опырылған болатын. Төтенше жағдай салдарынан үш адам қаза тапты, тағы бес адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →