×

Павлодар облысында үй өртеніп, 9 жасар бала көз жұмды

Өрттің себебі анықталуда

Павлодар облысында үй өртеніп, 9 жасар бала көз жұмды
Фото: art-assorty.ru

Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылында үй өртеніп, 1 бала қайтыс болды деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД байланыс тобы, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Сәтбаев ауылында үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түнгі сағат 02:58-де түскен.

Ауылда 5 бөлмелі үй өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде үйдің шатыры, ондағы заттар мен жиһаз жанып жатқан. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы – 180 шаршы метр.

Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін учаскелік полицей мен көрші 2013 жылы туған баланы және ер адамды (үй иесінің ағасы) құтқарып үлгерген.

Облыстық ТЖД мәліметінше, үйде 6 адам болған. 3 адам (әйелі мен күйеуі, әже) өз күшімен жанып жатқан үйден шыққан.

Өрт сөндіруші үйден 2015 жылғы баланы алып шықты. Өкінішке қарай, ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Өрт сөндіруші үйден 2015 жылғы баланы алып шықты. Өкінішке қарай, ол ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.

Таңғы сағат 6:25-те өрт толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →