×

Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды

Президент Жоғарғы сот судьяларын Сенат арқылы қызметінен босатады

Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды
Фото: egemen.kz

Сенат депутаттары Президенттің ұсынысымен Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызметінен босатылған судьялар – Альфия Савинова, Айгүл Сапарова, Ақылтай Қасымов пен Ербол Исмаилов. Қаулыға сәйкес, Савинова мен Сапарова зейнет жасына жетсе, Қасымов судья қызметіндегі шекті жас – 67-ге келді. Ал Исмаилов басқа қызметке тағайындалды. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың сотында судья қызметін атқарады.

Сенаторлар қаулыны бірауыздан қабылдады.

Айта кетейік, заң бойынша Президент Жоғарғы сот судьяларын Сенат арқылы қызметінен босатады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Илон Масктің интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
Бүгін, 09:33

Илон Масктің интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды

13 тамыздан, яғни бүгіннен бастап Starlink компаниясының спутниктік интернеті Қазақстанда ресми түрде іске қосылды
Жалақысы көп жұмыстар кімдерге ұсынылғанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады
Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →