×

Алматы облысында заңсыз жұмыс істеген казино анықталды

17 қаңтарда анықталды

Алматы облысында заңсыз жұмыс істеген казино анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қапшағайда заңсыз жұмыс істеген онлайн казино анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экономикалық қылмысты Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.

Заңсыз жұмыс істеген онлайн-казино Қапшағай қаласындағы «Макао» казиносының ішінде болған. Онда ойыншыға жеке басын анықтаусыз, заңдағы ережелерді бұза отырып, спорттық іс-шараларға бәс тігуге, ойын үстелдері мен рулеткаларда ойнауға мүмкіндік берілген.

Биыл 17 қаңтарға қараған түні басқарманың жедел-тергеу тобы аталған казиноға тінту жүргізді. Нәтижесінде 225,5 млн теңге, 15 мыңнан аса еуро (7 млн 374 мың 568 теңге, 1 еуро – 491,64 теңге), 719 мың рубль (3 млн 668 мың 67 теңге, 1 рубль – 5,10 теңге), 34 мың юань (2 млн 159 мың 636 теңге, 1 юань – 63,52 теңге) және 38,5 мың доллар (17 млн 397 мың 33 теңге, 1 доллар – 451,87 теңге) ұялы телефондар, бухгалтерлік құжаттар, жүйелі блоктар, ресивер, бейнекамералар, мониторлар, флэш-карталар, серверлер мен бейнетіркегіштер табылып, тәркіленді.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда жолдар енді жаңа стандарттар бойынша салынады
18.04.2025ж. 12:04

Қазақстанда жолдар енді жаңа стандарттар бойынша салынады

Қазақстанда 2025 жылы жаңа стандартпен 7 жол салыну жоспарланған
Бұл жағдайда әуе тасымалдаушы 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу қарастырылып отыр
Олардың 900 млн теңгеден астам заңсыз иеленген мүлкі тәркіленген
А гепатитіне қарсы екпе күнтізбелік жоспарға сай екі жасында егіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →