×

Алматыда автобус жүргізушілері жолаушылардан оқшауланатын болды

Дабыл түймесін енгізу де қарастырылуда

Алматыда автобус жүргізушілері жолаушылардан оқшауланатын болды
Qaz365.kz коллажы

Алматы автобустарында қауіпсіздік мақсатында жүргізуші отыратын жер қоршалатын болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз», – деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Ол бұл мәселелер 2023 жылдың желтоқсанында болған апаттан кейін қарастырыла бастағанын айтты.

Еске салайық, 22 желтоқсанда Алматыдағы «Қалқаман» аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді
Бүгін, 15:37

Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді

Дрондар шоуы 25 қазанда Абай және Астана алаңдарында өтеді
Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістер қымбаттайды.
Журналист вице-премьерден қызметтегі амбициясы туралы сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →