×

Алматыда ер адам есірткі дайындап жатқан жерінен ұсталды

Сот шешімімен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматыда ер адам есірткі дайындап жатқан жерінен ұсталды
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда есірткі дайындап жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күдіктіден синтетикалық есірткінің рекордтық партиясы тәркіленді. 1997 жылы туған азамат жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындап, есірткіні сатумен айналысқан.

Тінту кезінде күдіктіден 200 келіден астам мефедрон есірткісінің дайын өнімі мен 100 литр шикізаты табылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, күдіктінің зертханасы елдегі үлкен зертхананың бірі болған деуге негіз бар. Өйткені ондай көлемдегі есірткі елде ең ірі зертханада ғана жасалады.

Мефедронның көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті. Есірткілер еліміздің жер-жеріне сату үшін ғана жасалған.

Сот шешімімен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →