×

«Онлайн несие рәсімдеткен»: Жастарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды

Құрдастарын бопсалаған

«Онлайн несие рәсімдеткен»: Жастарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды
Фото: polisia.kz

Павлодар және Шымкент қалаларында жастарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

23 қаңтарда Павлодар және Шымкентте жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында бопсалау, тонау, алаяқтық және адамды заңсыз ұстаумен айналысқан жастардан құралған қылмыстық топтар ұсталды.

Павлодар облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 5 адамнан тұратын қылмыстық топты анықтады. Олар 18-23 жаста.

«Қылмыстық идеологияның әсерінен күдіктілер құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда және ойын-сауық орталықтарында ұстап, күш қолданған. Осылайша, олар онлайн қосымша арқылы жастарға несие рәсімдетіп, ақшасы мен тауарларын тартып алып отырған. Олар адам бопсалады, тонады және алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қуандық Алпыс.

Сонымен қатар Шымкентте 24 жастағы жастардан тұратын тағы бір қылмыстық топ ұсталды.

«Олар өздерін полицей ретінде таныстырып, жәбірленушілерді қорқытып, ұрып-соғып, заңсыз ұстап, ірі көлемде ақша бопсалаған. Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Қуандық Алпыс.

Бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеуді Шымкент және Павлодар облысының полиция департаменттері жүргізіп жатыр.

Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, олар 3 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →