×

Жер астына түсіп кеткен: "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздеу жұмыстары қайта жанданды

Жұмыс бұрынғыдай тәулік бойы жалғасады

Жер астына түсіп кеткен: "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздеу жұмыстары қайта жанданды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында "Майқайыңалтын" АҚ аумағында жер астына түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары қайта жалғасты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазір мамандар одан әрі тау-кен жұмыстарын бастады. Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, қазір шұңқырдың маңайына қоршау орнату үшін, жерді қашау жұмыстары жүргізіледі.

"Ауыр тау-кен техникасы көмегімен шұңқырдың түбіне түсу жұмыстарын ұйымдастырдық. Бұл шұңғыманың түбіне қауіпсіз түсу мақсатында жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстарының жалғасы. Қазір аспалы жақтауларды алып жатырмыз, олар кез келген сәтте сынып кетуі мүмкін. Содан кейін автобус жатқан болуы мүмкін орынға техниканы түсіреміз", – деді "Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қуаныш Ботин.

Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін құтқарушылар шұңқырдың түбінде іздеу-құтқару жұмыстарына кіріседі.

"Біз геосканерлеу жұмыстарын жүргізген сараптама ұйымының мамандарын тарттық және металл көлемді нысан жатқан екі негізгі аумақты көрсеттік. Екі аймақ та шұңқырдың түбінде орналасқан. Міндет – бұл аймақтарға жетуге тырысып, аса сақтықпен және қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып адамдарды табу", – деді Ботин.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жұмыс бұрынғыдай тәулік бойы жалғасатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылғаны хабарланған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
30.06.2025ж. 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →