×

Пәк қыздаздардың тізімі: Желіге кім таратты? «Virgo» белгісі кімдерге қойылған

Біздің дереккөздің айтуынша, медосмотрдан өтпеген қыздардың тізімін мейірбикелер аға кураторларға берген

Пәк қыздаздардың тізімі: Желіге кім таратты? «Virgo» белгісі кімдерге қойылған

Бүгін әлеуметтік желіде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқитын студенттердің таралып кеткен жеке деректері қызу талқыға түсті. Онда қыздардың пәк немесе пәк еместігі көрсетілген. Кейіннен Алматы прокуратурасы қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Енді осы дерек желіге қалай тарағаны туралы Qaz365.kz сенімді дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды.

Біздің дереккөздің айтуынша, медосмотрдан өтпеген қыздардың тізімін мейірбикелер аға кураторларға берген. Ол алғанда жалпы кураторлардың тобына тастаған көрінеді. Флюорографияға түспеген деп түгел университеттің тізімін жіберген. Сол жерде ұстаздардың бірі механика-математика факультетте оқитын студент қыздың ата-анасы болып шыққан. Алғаш біліп қойған осы мұғалім екен. Тізімде пәк қыздың  медициналық анықтамасын көрсететін «Virgo» деген жазу бар. Мұғалім мұны неге таратасың деп жанжал шығып, кейін тізім желіде тарап кеткен. 

Айта кетейік, бүгін Алматы прокуратурасының нұсқауымен жеке деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бұған  дейін Telegram-арналардың бірінде әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттерінің медициналық жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.
Тараған ақпаратта студенттердің аты-жөні, ЖСН, байланыс нөмірлерінен бөлек, кейбір медициналық қорытындылар да жазылған.
Белгілі болғандай бұл тізімді студенттер флюрографиядан өтсін деп механика-математика факультетінің деканатына жеке медициналық орталықтың маманы жолдаған екен.
Университетке  медициналық қызмет көрсететін «Smart Health University City» ЖШС емханасының медициналық басшысы Жанна Жүнісова Информбюроға берген сұхбатында тізімде белгі қойылмағаны пәк еместігін білдірмейді деп сендіруге тырысты.

«Ол жерде қыз емес, қыз деген нәрсе жазылмаған. Медосмотр өтпеген бос графа тұр. «Virgo» деп тұр ғой? «Virgo»  деген ол медосмотрдан өткенде жыныстық қатынаста болмаған деген сөз», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →