×

Алматы облысында браконьерлер тобы ұсталды

Мемлекетке 17 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген

Алматы облысында браконьерлер тобы ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

21 мен 45 жас аралығындағы он бір адам Іле өңіріндегі Сорбұлақ көлінен балық аулаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.   

«Олардың Қытай өндірісінің тыйым салынған торларын қолдана отырып, балық ресурстарын заңсыз аулаумен айналысқаны белгілі болды. Браконьерлерден үш тоннаға жуық сазан балығы, жүзу құралдары мен браконьерлік аулаудың әртүрлі құралдары, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілердің әртүрлі түрлері тәркіленді. Аталған дерек балық ресурстарын заңсыз өндіру, атыс қаруын заңсыз сақтау түріндегі қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Істің негізгі фигуранттары УҰИ-ға қамаққа алынды», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов. 

Жоғарыда аталған көлде балық ресурстарын өндіру ұйымдасқан сипатқа ие болғанын және елдің әртүрлі аймақтарына тұрақты негізде тарату жүзеге асырылғанын атап өтеміз. Тек тәркіленген балық бойынша ғана мемлекетке 17 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілгені анықталды.  

«Қазір істі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ, олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - деп Бауыржан Әленов сөзін түйіндеді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →