×

Алматыдағы Назарбаев даңғылының атауы қашан өзгереді

Алматыдағы Назарбаев даңғылының атауы қашан өзгереді

Алматы әкімдігі Назарбаев даңғылының атауы әзірге өзгермейтінін мәлімдеді. Даңғыл атауын өзгерту туралы ұсынысты қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Әсет Наурызбаев көтерген, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әсет Наурызбаев даңғыл атауын Қаңтар деп өзгертуді ұсынған. Желі қолданушылары да белсендінің ұсындысын қолдаған. 

"Қолдаймын", "Назарбаев" атауы ашуыма тиеді. "Қаңтар" деген әділетті болатын секілді", "Қаңтар керемет және символикалық белгі", – деп пікір қалдырды желі қолданушылары. 

Ал Алматы қаласы әкімінің апппараты тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет қолданыстағы заңға сәйкес нысан атауы жеке тұлғаның есімі берілген берілген күннен бастап 10 жыл өткен соң ғана ауысатынын мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңының 25-5 бабына сәйкес жеке адамның есімімен аталған, атау берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң өзгертіледі", – деді ол. 

Еске салайық, 2017 жылы Алматыдағы Дмитрий Фурманов даңғылының атауы өзгеріп, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне есімі берілген еді. Демек заңға сәйкес даңғыл атауы 2027 жылға дейін өзгеріссіз қалады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Кеше, 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →