×

Қарағандыда мемлекеттік қызмет көрсету сайтына шабуыл жасаған хакер ұсталды – ҰҚК

Ол киберқылмыс жасаған

Қарағандыда мемлекеттік қызмет көрсету сайтына шабуыл жасаған хакер ұсталды – ҰҚК
Фото: ҰҚК

Қарағанды ​​тұрғыны электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікті қарағандылықты ұстады.

«Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 миллион теңгеден асады.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады
Кеше, 18:21

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі жазушының 100 жылдығын тойламауды сұрады

Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова мерейтойға мемлекет ақша бөлсе, дау болады деп топшылайды
Жалпы баға екі әдіс бойынша алынған көрсеткіштердің арифметикалық орта мәнімен есептелді
Тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →