Cәбидің ата-анасына сый-сыяпат көрсетті
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына сапары барысында еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны дүниеге келген шаңыраққа арнайы барды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
ҚМДБ Төрағасы сәбидің ата-анасы Берік Жұмағазиев пен Айдана Оразымбетоваға сый-сияпат көрсетіп:
«Балапандарыңыздың бауы берік болсын! Көз қуаныштарыңыз болып өсе берсін. Атына заты сай азамат болғай!» – деп батасын берді.
Айта кетейік, еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны болып тіркелген мерейлі 5 сәби Ұлытау , Жетісу, Ақмола, Түркістан және осы Атырау облыстарында дүниеге келген болатын. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз. Барлығы да 2023 жылдың 14 қарашаcы күні таңғы сағат 8:10-да дүние есігін ашты. Берік Жұмағазиев пен Айдана Оразымбетованың отбасында өмірге келген сәбидің есімі – Мұхаммед.