×

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

Бұл туралы отандық шоу-бизнес өкілдері хабарлады

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті
ашық дереккөзден

 Белгілі композитор, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Арман Дүйсенов өмірден озды. Бұл ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде марқұмның әріптестері мен елімізге белгілі өнер қайраткерлері артында қалған отбасына көңіл айтып жатыр.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. 1997 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдағаннан кейін ҚР Халық әртісі Райымбек Сейтметов негізін қалаған «Өнер» факультетінің Музыка және орындаушылық өнер кафедрасында сабақ береді. Ол осы аралықта республикалық және халықаралық конкурстарда топ жарған жас талантты әншілер мен актерлердің тұтас буынын тәрбиелеп шығарды.

Өнер қайраткерінің өзі де бірнеше мәрте республикалық ән байқауларында жеңімпаз атанып, 50-ге жуық елде гастрольдік сапармен болған.

Сонымен қатар, Арман Дүйсенов «Хабар» және «Ел арна «телеарналарында «Айбын», «Достархана», «Тапқыр достар», «Дудар-ай» және «Хабар-старс» бағдарламаларын тізгіндеді.

Арман Дүйсенов көпшіліктің сүйспеншілігіне айналған бірнеше кинотуындыға музыка жазған. Бұған қоса, оның «Кездер-ай», «Арман», «Сені сағындым», «Жан қызым», «Ауылдағы қыз» сияқты туындылары халық арасында кең таралған.

ҚР Мәдениет қайраткері Арман Дүйсенов өмірінің соңғы жылдары «Қазақ әуендері» АҚ «Гүлдер» филиалының директоры қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →