×

Шенеуніктердің шетелдік шоттарынан 530 млрд теңге қаржы табылды

Ең көп қаражат БАӘ банктерінде

Шенеуніктердің шетелдік шоттарынан 530 млрд теңге қаржы табылды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық шенеуніктердің шетелдік банктерде шамамен 530 млрд теңге қаржысы бар, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі banker.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті LS-ке шетелдік шоттар мен олардың сомалары туралы берген мәліметінде анықталды.

354 қазақстандық 59 елдің шетелдік банктерінде 529 млрд теңге сақтайды. Мұндай деректер мемлекеттік қызметшілердің, оларға теңестірілген адамдардың және олардың жұбайларының табыстарын декларациялау барысында алынды.

Ең көп қаражат БАӘ банктеріндегі 22 шотта – 308,48 млрд теңге. Сингапурлық қаржы құрылымдарына 158,04 млрд теңге (бес шот). Швейцарияда 33 шотта – 36,08 млрд теңге.

Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері Ресей банктерінде де  95 шот ашты, бірақ сомма көп емес– 3,26 млрд теңге. Ал АҚШ-та қазақстандықтар 64 шотта 1,1 млрд теңге ұстайды.

Бұған дейін LS 17 шенеунік 15 елдегі компаниялардың иелері немесе ортақ иелері болып табылатынын, 377 жеке тұлғаның Қазақстаннан тыс жерлерде 466 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелгенін жазған болатын.

 

Толығырақ ақпарат кестеде көрсетілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →