×

“Езуімді жия алмадым“: Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевқа қатысты алқабилер соты туралы айтты

Ол сот отырысы өткен екі күн стреске толы болғанын айтты

“Езуімді жия алмадым“: Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевқа қатысты алқабилер соты туралы айтты
Видеодан кадр: ktk.kz

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді тікелей эфирде маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның сөзінше, бұл іске қатысты тергеу сапалы әрі ешқандай заң бұзусыз өткен.

"Көп адам алқа билер сотына қатысты наразы болып жатқанын білемін. Бірақ оған ешкім қарсы шыға алмайды, себебі бұл – оның (ред. Бишімбаевтың) конституциялық құқығы", - дедді Айтбек Амангелді.

Ол сот отырысы өткен екі күн стреске толы болғанын айтты.

"Шынымды айтсам, қобалжыдым. Тіпті маған сөз берген кезде де қобалжыдым, бұл сот отырысы ғой, бұған дейін мұндай жағдай басымнан өтпеген. Бүгін қатты уайымдадым. Судья шешім шығарған кезде езуімді жия алмадым. Себебі бұл ең алдымен әділ шешім болды. Себебі олар тергеу материалдарынан видеоларды, суреттерді, хаттарды алып тастау арқылы істі құрдымға кетірмек болды. Бірінші күні отырыста жай ғана бапты айта салуға болатын еді, оның орнына олар бірнеше сағат бойы әр бапты оқып, артынан екінші айыпталушы орысша жақсы түсінсе де, оны қазақ тіліне аударып отырды. Арнайы қазақ тіліне аударып жатқан кезде екінші айыпталушы ұйықтап та кеткен. Екі-ақ сағатта өтіп кететін сот отырысы екі күнге созылып кетті.  Тіпті не айтарымды да білмеймін. Бұл тек басы ғана, бізге босаңсуға болмайды. Алда әлі басты сот отырысы бар", – дейді Айтбек Амангелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →