×

Зілзала кезінде құлақтандыру жүйесі 1 маусымға дейін енгізіледі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа баяндады

 

Зілзала кезінде құлақтандыру жүйесі 1 маусымға дейін енгізіледі
akorda.kz

Мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президентке биылғы екі айдың қорытындысы бойынша қала экономикасының қарқынды өскені, Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторының өсімі 1,7 пайызға жеткені жөнінде айтылды. Жергілікті бюджетке түскен қаржы 55 пайызға, яғни 287,5 миллиард теңгеге дейін көбейді. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді. 190 миллиард теңге инвестиция тартылып, өсім көрсеткіші 24,5 пайызды құрады.

Ерболат Досаевтың айтуынша, былтыр тамыз айында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау аясында мегаполисті полиорталық ретінде дамыту, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, құрылыстардың тығыз салынуын болдырмау және басқа да мәселелер бойынша жаңа талаптарды енгізу жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалуы жайында мәлімет берілді.

“Тұрғындар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша биыл 23 қаңтардағы жер сілкінісінен кейін тексерілген 183 нысанға айтарлықтай зақым келмеген. Сондай-ақ 4 наурыздағы жер сілкінісінен кейін түскен өтініштер бойынша 363 нысанға кешенді тексеру жұмыстары басталды. 2024 жылы 13,2 мың нысанға сейсмоаудит жүргізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде азаматтарды уақытылы құлақтандыру мақсатында биыл 1 маусымға дейін пилоттық режимде «Mass Alert» жүйесі енгізіледі”, – деді Ерболат Досаев.

Бұдан бөлек, қала әкімі қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту, аулалардың аумақтары мен жасыл желектерді күтіп ұстаудың жаңа әрі кешенді тәсілі туралы айтты. Осы ретте қызмет көрсететін ұйымдармен 3 жылға сервистік келісім-шартқа қол қойылды. Бұл шаралар олардың қаржылық орнықтылығын және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы одан әрі әртараптандыру, Алматының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сумен қамту және су тарту жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →