×

Таразда университет оқытушысы пара алып жатқан жерінен ұсталды

Ол студенттерді үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деген

Таразда университет оқытушысы пара алып жатқан жерінен ұсталды
polisia.kz

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жоғары оқу орынының бірінен 46 жастағы оқытушыны қызметтік кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұстады.

Полиция аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткендігін анықтады.

Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бапқа сәйкес, осындай қылмыс жасағаны үшін мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің он еселенгеннен жиырма еселенгенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →