×

Ақтөбеге алғашқы гуманитарлық көмек Түркістан облысынан жетті

Түркістан өңірінің азаматтары 30 тонналық гуманитарлық көмекті жеткізген сәтін көрсетті

Ақтөбеге алғашқы гуманитарлық көмек Түркістан облысынан жетті
Ашық дереккөзден

Су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірдің бірі – Ақтөбе өңіріне жер-жерден көмек жеткізіліп жатыр. Түркістан өңірінің азаматтары 30 тонналық гуманитарлық көмекті жеткізген сәтін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Әлеуметтік желіге көмек жеткен видеоны Олжас Мамыр атты азамат бөлісті.

Әлеуметтік желіге көмек жеткен видеоны белсенді Олжас Мамыр бөлісті.

«Түркістан облысынан шыққан гуманитарлық көмек Ақтөбеге келіп жетті. Облысымыздың 17 ауданы жинаған аманаттарын жеткізгенімізге қуаныштымыз
Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің мамандары мен “Аманат” партиясы Түркістан облыстық филиалының “Жастар Рухы” ЖҚ-ның мамандарына респект. Ақтөбе облысы біз біргеміз», - дейді ол.

 

 

Qaz365.kz тілшісі көмек жеткізген азаматтармен сөйлескен. Олар төтенше жағдайды естіп, бірден қамданғанын айтты.

«Біз Түркістан облысы су басқанын естіп ең алғашқы көмекті ертесінде жіберген болатынбыз. Одан кейін тағы екі күн жібердік. Жалпы көмек 30 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Негізгі штабқа әкелдік. Халық жылу жиналып жатқанын естіп, азық-түлік, жеке гигиеналық заттарды, көрпе-төсектер мен кілемдерді әкелді. Бұл заттарды жинауға 500-ден астам волонтер тартылды. Ертең тағы үш фураға жуық гуманитарлық көмек келеді. Олар Ақтөбе және Батыс Қазақстанға бөлінеді. Түркістанның еріктілері құтқарушыларға арнайы ауызашар беріп жатыр. 15 волонтер келдік. 

Келген халық бізді жылы қарсы алып, әлеуметтік желіге салынған посттарда мақтап жатыр», — дейді олар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы
Бүгін, 16:19

Салтанаттың әке-шешесінен басымды иіп кешірім сұраймын — Бишімбаевтың анасы

Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →