×

Адвокат марқұм Нүкенованың денесіне жасалған сараптама нәтижесін жариялады

Сараптама 2023 жылдың 10 қарашасында жасалған

Адвокат марқұм Нүкенованың денесіне жасалған сараптама нәтижесін жариялады
Салтанат Нүкенованың Instagram парақшасынан

Астанада өтіп жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында адвокат Жанна Оразбақова марқұм Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама қорытындысын оқыды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Сараптама нәтижесінде Салтанат Нүкенованың денесінен бас сүйек-ми жарақаты, бетінде көптеген жара мен қан анықталды.  Оның мұрны сынған, мұрнының айналасындағы терісіне қан құйылған, бас терісіне қан құйылып,  субдуральды гематома (мидың ұзақ материялық қабатының астынан қан кету) анықталған», - дейді Жанна Оразбақова.

Сараптама 2023 жылдың 10 қарашасында өткізілген. Ол бұл жарақаттар, өлімнен бір күн бұрын, доғал қатты заттармен қайта-қайта ұрғаннан болуы мүмкін деп айтты.

«Сондай-ақ сараптама қорытындысына сәйкес, Нүкенованың қанынан есірткі, дәрілік және психотроптық заттар табылмаған. Алкоголь - аз мөлшерде болған», - дейді адвокат.

Ол Нүкенованың екі білегінің де, қолының да артқы беттерінде көгерген жерлері бар. Мұны өзін-өзі қорғаудың белгісі деп санауға болады деп айтты. 

Сонымен қатар ол Салтанат аман қалған күннің өзінде мүгедек немесе комаға түсуі мүмкін екенін жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
11.07.2025ж. 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →