×

Үкіметке тапсырма, қосымша күштер мен БАҚ пен блогерлерге ескерту – Тоқаев үндеуінде не айтты

Бәрі менің бақылауымда

Үкіметке тапсырма, қосымша күштер мен БАҚ пен блогерлерге ескерту – Тоқаев үндеуінде не айтты
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты үндеу жариялады. Оның айтуынша, мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған – бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бәрі менің бақылауымда»

Мемлекет басшысы алдымен, су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Оның сөзінше, өзі атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды берген. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Премьер-министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылған. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда дейді.

Тоқаев су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылғанын, сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатқанын айтады. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеп, ондаған мың волонтер де көмектесіп жүргенін атап өтеді. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз дейді. Ең бастысы – азаматтардың амандығы екенін жеткізеді.

«Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет, – дейді Тоқаев.

Халыққа көмек қайдан бөлінеді?

Президенттің бұйрығымен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. 

«Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырған. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет, – дейді мемлекет басшысы.

Президент жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырды. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады.

БАҚ пен блогерлерге ескерту

Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс деп ескертеді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарына, белсенді азаматтарға және блогерлерге айтарым, жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет. Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын. Құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғысымды айтамын», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. 

«Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз. Бұл біздің қолымыздан келеді дейді Тоқаев сөз соңында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды
11.09.2024ж. 22:50

Алматы әуежайында І топ мүгедектігі бар адамды рейске кіргізбей қойды

Оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде белгілі пірадар Иакой Воронцов жариялады
6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев онымен Бұхарада бейресми кездесу өткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →