×

Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

Еске салайық, шабуыл 27 қаңтарда Баку уақыты бойынша таңғы сағат 8:30 шамасында болған

Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды
Фото: видео-скрин

Әлеуметтік желіде Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған шабуылдың видеосы пайда болды, деп хабарлайды qaz365.kz IIM сілтеме жасап.

Кадрлардан ғимаратқа екі адам кіргенін көруге болады. Металл іздегіштен өткен соң олардың бірі бұрылып сыртқы есікті ашады да, қайта ішке жүгіріп кіреді.

Артынан қарулы ер адам кіріп, бірден оқ жаудырады. Шабуыл кезінде адамдар қашып, тығылып жатқаны көрінеді.

Шабуылшы бөлмелердің біріне жақындаған кезде қарсы есіктен күзетші жүгіріп шығып, оны тоқтатпақ болады. Бірақ ер адам оқ атуын жалғастырады.

Еске салайық, шабуыл 27 қаңтарда Баку уақыты бойынша таңғы сағат 8:30 шамасында болған. Шабуылшы Калашников автоматынан оқ жаудырып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты. Елшіліктің екі күзетшісі де жараланған. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →