×

Жайық-Каспий бассейні аумағында «Бекіре» акциясы өткізіліп жатыр

Акцияның мақсаты - браконьерлік және балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтап, жолын кесу

Жайық-Каспий бассейні аумағында «Бекіре» акциясы өткізіліп жатыр
Скриншот

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы  комитетінің, ІІМ және ҰҚК шекара қызметінің қатысуымен Жайық-Каспий бассейні аумағында  "Бекіре" акциясы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шараға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан  облыстары полиция департаменттері мен батыс өңірлік көлік полициясының 300-ге жуық қызметкері және 28 техникасы, оның ішінде бес жүзу құралы, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды.

Акцияның мақсаты - браконьерлік және балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтап, жолын кесу.

- 10 күн ішінде 72 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 заңсыз өндіру фактісі, екі сатып алу немесе өткізу факісі, бір балық жәнебалық өнімдерін тасымалдау фактісі бар.

12 қылмыстық іс қозғалды. 60 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, екі млн теңгеден астамсомаға айыппұл өндірілді. Құқық бұзушылардан 1,5 тоннаға жуық балық, оның ішінде 48 кг бекіре балығы және 3,5 кг уылдырық тәркіленді. Мысалы, Ақтауда автокөлік тоқтатылып, салоннан екі пластик шелекте тиісті құжаттары жоқ, салмағы бір килограмм бекіре тұқымдас балықтың  уылдырығы табылды.
Одан бөлек, Каспий теңізінің жағасын дамоторлы қайықтан тоғыз дана көксерке балығы және екі дана бекіре балығы табылып, тәркіленді.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Төлеубай Мұхамадиев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →