×

«Мұндай сұмдық жағдай болатынын ойлаған жоқпын»: Байжанов қайғылы оқиға болған түні не істегенін айтты

Ол тергеушілерге телефоны мен құпиясөзін бергенін айтады

«Мұндай сұмдық жағдай болатынын ойлаған жоқпын»: Байжанов қайғылы оқиға болған түні не істегенін айтты
Фото: Jogargy_sot

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Бақытжан Байжанов сот отырысында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Байжанов қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы бірнеше рет көргенін айтып берді.

"Салтанаттың бір көзі ісіп тұрғанын көрдім. Вип-бөлменің ішінің астаң-кестеңі шығып жатты. дәретхананың есігі қирағанын көрдім. Оның бәрін көрдім. Таңертең гастроорталыққа келген кезде Бишімбаев түні бойы шу шығарып, ішімдік ішіп, Салтанатты кезекті рет ұрып тастағанын біліп келдім. Бұл туралы гастроорталыққа келер алдында хабардар болдым. Бірақ ол кезде ештеңе түсінбедім. Салтанатқа қауіп төніп тұрғанын, өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын білмедім. Бұл ақталу емес. Мен тек шын мәнінде не болып жатқанын көре алмадым. Бұл менің кінәм және мен оған қатты өкінемін. Егер назар аударып қарасам мүлде басқа жағдай болар еді. Енді амал не? Мен уақытында көмектесе алмасам да Салтанаттың жақындары мені кешіре алады деп сенемін", - дейді Байжанов.

Ол марқұм Салтанат Нүкеноваға сипаттама берді.

"Өте мейірімді еді. Мейрамхана қызметкерлері Салтанат тарапынан ешқандай дөрекілік көрген емес. Оны кез келген қызметкер растай алады. Сол түні не болғанын айтып берейін. Мен 33-темін, қарапайым отбасынан шыққанмын. Әйелім, үш балам бар. Менің кесірімнен олар да зардап шегіп отыр. Олардан да, ата-анамнан да кешірім сұраймын", - дейді Байжанов.

Байжановың айтуынша, ол гастроорталықта 2022 жылдан бері директор қызметін атқарған.

"Шын мәнінде Бишімбаевтың барлық жұмысын атқаратынмын. Оның жеке жұмыстары да менің мойнымда. Бишімбаев - әкем жағынан алыс туысым. Менен 10 жасқа үлкен. Мінезі ауыр, кез келген кезде "жарылып" кете салады. Кез келген уақытта хабарласа салатын, мен байланысты жүруім керек болды", - дейді Байжанов.

Ол 8 қараша әдеттегідей жұмыс күні болғанын атап өтті.

"Мұндай сұмдық жағдай болатынын, Салтанат мерт болатынын, мен түрмеге түсемін деп ойлаған жоқпын. 8 қарашада кешке жұмыстан үйге келдім. Отбасыммен кешкі ас іштім. Сол күн туралы бар білетінімді айтқым келеді.

9 қарашада таңғы 7-де әлі ұйықтап жатқан кезімде маған біздің күзетші хабарласты. Ол Бишімбаев пен Салтанат мас күйде көлік айдап кетпек болғанын айтты. Көлік бордюрге соқтығысқан. Мен күзетшіге көліктің кілтін алып алу керегін айттым. Себебі мұндай жағдайда көлік айдау қауіпті деп ойладым. Сосын 8-дер шамасында мейрамхананың әкімшісі хабарласты. Ол Бишімбаев түні бойы шу шығарғанын айтты. Қуандық пен Салтанат түні бойы мейрамханада болғанын, тағы бір жанжал болғанын естідім. Шынымды айтсам, оған таңғалмадым, себебі олардың жанжалдарына етім үйреніп қалған. Себебі олар жиі ұрсысатын. Салтанаттың көзі көгеріп жүргенін бірнеше рет көргенмін. Тіпті олардың үйіне жиһаз жөндейтін мамандарды бірнеше рет жібергенмін. Оның бәрі телефонымда бар", - деді ол.

Байжанов тергеушілерге телефоны мен құпиясөзін бергенін жеткізді.

"9 қарашада таңғы 9.30 шамасында Бишімбаев хабарласып, мейрамханаға келуім керегін айтты. Не үшін екенін түсіндірмеді. Сағат 10 шамасында мейрамханаға келдім. Екінші қабатқа көтерілген кезде вип-бөлмелердің бірінде жарық қосылып тұрды. Есікті Бишімбаев ашты. Мен кірер кезде Бишімбаев "кірме" деді. Бишімбаевтан ішімдіктің иісі мүңкіп тұрды. ", - дейді Бақытжан Байжанов.

Ол тергеушілерге телефоны мен құпиясөзін бергенін айтады.

"9 қарашада таңғы 9.30 шамасында Бишімбаев хабарласып, мейрамханаға келуім керегін айтты. Не үшін екенін түсіндірмеді. Сағат 10 шамасында мейрамханаға келдім. Екінші қабатқа көтерілген кезде вип-бөлмелердің бірінде жарық қосылып тұрды. Есікті Бишімбаев ашты. Мен кірер кезде Бишімбаев "кірме" деді. Бишімбаевтан ішімдіктің иісі мүңкіп тұрды. есік ашылған кезде Салтанат диванның шетінде отырғанын көз қиығыммен байқап қалдым. Ол қара плащ киіп отырды. Бірақ оның ішінде киім болмады. Сондықтан дұрыс көре алмадым. Бірақ Салтанаттың басы төмен қарап тұрғанын байқадым. Сондықтан бетіндегі жарақаттарды көрмедім. Одан бөлек, кабинканың астаң-кестеңі шыққанын байқадым", - дейді Бақытжан Байжанов.

Бишімбаев Байжановтан көрпеше әкелуін сұраған.

"Мен випке кірмедім, көрпешелерді Бишімбаевқа бердім. Есік жақта тұрдым. Бейнекамераларда мен вип-бөлмеге кіріп, 4 минуттай тұрғандай болып қалғам. Мен расында көрпешені бердім, бірақ бөлмеге кірмедім. Есіктің жанында екі минуттай тұрып күттім", - дейді Байжанов.

Байжанов вип-бөлмеге кірмегенін алға тартты.

"Екі минуттан кейін Бишімбаев мені ішке кіргізіп, үйге қайтатынын айтты. Сол кезде ғана бөлмеге кірдім. Салтанаттың тыныс алуы жиірек және қаттырақ болғанын байқадым. Ол ұйықтап жатыр деп ойладым. Сол кезде қатты мән бермедім. Себебі олар түні бойы ұйықтамай, ішімдік ішіп, шаршап жатыр деп ойладым. Енді менің немқұрайды қарауымнан ол шаршағандықтан солай тыныс алып жатыр деп ойлағанымды түсіндім", - дейді Бақытжан Байжанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →