×

Риддерде мас әйел екі жасар баласын балконнан құлатып алды

Ол баласымен бірге балкон арқылы сыртқа шығуға бел байлаған

Риддерде мас әйел екі жасар баласын балконнан құлатып алды
pixabay

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында әйел адам 2 жасар баласын балконнан құлатып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 қаңтар күні полицияға үшінші қабаттың балконынан кішкентай баланың құлағаны туралы хабар түсті.

«Белгілі болғандай, 20 жастағы қала тұрғыны екі жасар баласымен қонақта болған. Өз үйіне қайтпақ болғанда пәтер есігі кілтке жабылып тұрған. Сол кезде мас әйел баласымен бірге балкон арқылы сыртқа шығуға бел байлаған. Балконнан түсіріп жатқанда бала қарға құлап кеткен», - делінген ақпаратта.

Осыдан кейін бала Риддер қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, ол ауыр жарақат алмаған, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады
Кеше, 21:40

Әнұран мәтіні Қонаев көгінде жарқырады

Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды
Мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді
Әртүрлі салада адал еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі жоғары бағаланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →