×

Тоқаевтан көмек сұрады: Полицейлер шетел азаматын 6 қой, 200 мың теңгеге құлдыққа сатқан

Шетел азаматы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады

Тоқаевтан көмек сұрады: Полицейлер шетел азаматын 6 қой, 200 мың теңгеге құлдыққа сатқан
taldykorganec.insta

Өзбекстан азаматы Вадим Хамраев Жетісу облысының полицейлері өзін ұрып-соғып, құлдыққа сатқанын айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Халық үніне сілтеме жасап.

Instagram-дағы парақшада жарияланған видеода шетелдік Қаратал ауданының учаскелік полицейлері оны соққыға жығып, ақша алғанын, кейін фермаға 6 қой мен 200 мың теңгеге құлдыққа сатып жібергенін баяндайды.

«Әйелім мен қайын атама елден шығарып жіберді депті. Мен шаруа қожалығында болдым. Кеше қашып кеттім. 2 балам бар. Шаршадым, бар шаруаны істеймін, пеш жағамын, бақшаны қазамын. Мені іздеп жатыр, өлтіреміз деп қорқытады. Құрметті президент, осы жағдайдан шығуға көмектесіңізші, сізден көмек сұраймын», – дейді ер адам.

Дәлел ретінде ер адам ұрып-соққаннан денесінде қалған тыртықты көрсетті.

Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі видеоның астында пікір білдірді.

«ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Сотқа дейінгі тергеу Өзіндік қауіпсіздік басқармасының өндірісінде. Видеоүндеу авторы 38 жастағы шетелдік табылды және одан жауап алынды. Бұл факті бойынша тергеу жұмыстары облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды», – делінген ведомство хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →