×

«Төртінші әйелі боп тигенімді кеш білдім»: әнші Мөлдір Әуелбекова сұхбат берді

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты

«Төртінші әйелі боп тигенімді кеш білдім»: әнші Мөлдір Әуелбекова сұхбат берді
Әншінің жеке мұрағатынан

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты. Өнер иесі екі некеден де оңбай алданғанын жасырмады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ernur.kz-ке сілтеме жасап.

«Менің асығыс тұрмысқа шығуыма қоғамның, айналамдағы адамдардың «Қашан тұрмысқа шығасың, уақыт өтіп барады, отырып қалдың» деп айта беруі де себеп болды. Баламның әкесімен біраз уақыт сөйлесіп, кездесіп жүрдік. Бірақ, соңғы сәтте мен ол кісіге «Біздің арамызда ештеңе болмайды, осымен қоя салайық» деп айтқанмын. Ол айтқанынан қайтпай, ертеңіне үйленуге ұсыныс жасап, алдыма келді. Қыз бен жігіт боп жүргенде екі қалада тұрдық, ол Астанада, мен Алматыда. Тұрмысқа шыққан соң мен Астанаға көшіп бардым, ал ол жұмысымен Көкшетауға кетті. Бір үйде, ерлі-зайыптыларша тұрған кезіміз аз, аптасына бір рет, кейде айына бір рет көрісетінбіз. Мен енеммен қалдым. Бәріне көндім, түсіністікпен қарауға тырыстым. Бірақ ол кісі менен бас тартты», - деді Мөлдір Әуелбекова.
 

Әншінің бірінші күйеуі оған ажырасатынын айтпай, соңғы сәтке дейін алдап келіпті. «Енем екеуміз сөзге келе беретінбіз. Ол кісі мені қабылдай алмады. Соңғы болған жағдайды айтайын. Бір күні енеммен ашық сөйлестім.
 

«Мені қабылдайтын уақытыңыз келді ғой» деп, тіпті аяғына жығылдым. Ол кісі түсінгендей кейіп танытқан. Барлық проблема шешілді ғой деп ойлап жүргенде Көкшетаудан баламның әкесі хабарласты. «Мен Алматыға іссапармен бара жатырмын, сен үлкендеу чемоданыңа киім-кешегіңді салып, дайын отыр. Төркініңде бір аптадай демаласың» деді. Әлгі жерде қуанып, әке-шешеме қыдырып барамын деп ерекше дайындалып, бес айлық баламды қолыма алып, біздер жолға шықтық. Жол бойы баламның әкесі маған жылы сөйлеп, барлығы үшін рахметін айтып, ерекше көңіл күймен апарды. Ал үйге барғанда мінезі бірден өзгеріп, басқаша қылық көрсетті. Әкеме «Мынау қыздарыңыз менің анамды сыйламайды» деп төбемнен дәу қара тасты тастап жібергендей болды. Бағанадан бері маған жылы сөзін айтып, күліп-ойнап келе жатқан адамның бұлай құбылып кеткеніне шок болдым. Әкем «Отыр, сөйлесейік, балам» деп еді, сөзге көнбеді. Сөйтіп әкемнің бетіне есікті тарс жауып, шығып кетті. Сонымен бәрі бітті», - деді ол.
 

Мөлдір Әуелбековда бұдан кейін де екінші мәрте тұрмысқа шыққан. Ол некеден бір қызы бар.

«Біріншісімен ажырасқан соң Алдадан қайырлы неке тіледім. Өзім де намаз оқимын, «Намаз оқитын, Алладан қорқатын, отбасына қорған болатын азаматты кездестірші» деп тіледім. Карантин кезінде сондай адам жолықты. Ораза еді, жақсы араласатын бір адам бізді таныстырды. Екі-үш рет кездесіп, некемізді қидырдық. Оның намаз оқитынына, айтқан әдемі сөздеріне сеніп қалдым. Сондай адам болады екен. Төртінші әйелі боп тидім. Төртіншісі екенімді тұрмысқа шыққанда білдім. Бірақ аяғым ауырлап қалған. Шегінерге жол жоқ, ата-анамның абыройы, ел-жұрттың сөзі деп шыдауға тырыстым. Ол некені қателігім деп айтуға келмейтін шығар, менің маңдайыма жазылғаны болды. Қызыма аяғым ауыр, сегіз айлық кезде ол кісіден кеттім. Өте көп қиянат көрдім. Арамызда біраз нәрсе болды, оның бәрін ашып айтудың қажеті жоқ. Суицидке дейін барғанымды айтайын. Көпқабатты пәтерден секіргелі тұрғанда үйге «Назар» тобындағы Еркежан келіп, мені әлгі ойдан құтқарып қалды. Сол сәтте есімді жинап, киімдерімді алып, төркініме кеттім. Менің өмірім ешкімге қызық емес шығар, бірақ бұл басқа қыздарға сабақ болса екен деймін. Жылтыр сөзге, әдемі түрге сеніп, елдің «қашан тұрмысқа шығасың» дегенінен қашып күйеуге тие бермеу керек екен», - деді Мөлдір Әуелбекова.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →