×

"Бұл - жақсы көрсеткіш емес": Премьер-министр облыс әкімдіктерін сынға алды

Премьер-министр Ұлытау облысында құны 27,1 миллиард теңге болатын бес ірі жоба іске аспай қалғанын атап өтті

"Бұл - жақсы көрсеткіш емес": Премьер-министр облыс әкімдіктерін сынға алды

Премьер-министр Әлихан Смайылов облыс әкімдіктерін шетел инвестициясын тарту жоспарынан қалып отыр деп сынға алды, - деп хабарлайды  qaz365.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

28 қаңтарда, премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров 2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15,1 триллион теңге (жылдық жоспардың 94,2 пайызы) болғанын, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артық екенін баяндады. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау сияқты салаларда өсім тіркелген.

Орталық мемлекеттік органдар арасында жылдық жоспарды Ғылым және жоғары білім (121,8 пайыз), Денсаулық сақтау (103,5 пайыз), Оқу-ағарту (102,3 пайыз) министрліктері орындады. Ең төмен көрсеткіштер Экология және табиғи ресурстар (79,4 пайыз), Мәдениет және спорт (72,5 пайыз) министрліктеріне тиесілі.

Өңірлер арасында Ұлытау (75,6 пайыз), Атырау (84,2 пайыз) және Жамбыл (86,5 пайыз) облыстары аутсайдер болып отыр. Нысаналы индикаторларға қолжеткізбеудің негізгі себептері – жер учаскелері мен техникалық шарттарды беру рәсімдерінің созылып кетуі, қажетті инфрақұрылымның дайын болмауы, сондай-ақ геосаяси ахуалдың күрделенуі.

Қабылданып жатқан шаралар туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов баяндады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →