×

Бүгіннен бастап Қазақстанда пиязды экспорттауға тыйым салынды

Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды

Бүгіннен бастап Қазақстанда пиязды экспорттауға тыйым салынды
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пиязды экспорттауға тыйым салу туралы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды  qaz365.kz.

«Үш ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.

28 қаңтарда, премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды.

17 қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан пияздың жаппай экспортына жол бермеу және оның бағасын тұрақтандыру үшін үш ай мерзімге пияз экспортына тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды
Кеше, 06:34

Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды

Намаздан кейін бірден құрбандық шалу рәсімі басталады
Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →