×

«Өтірік»: Байжанов көріпкелдің айтқандарын жоққа шығарды

Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

«Өтірік»: Байжанов көріпкелдің айтқандарын жоққа шығарды
Фото: Jogargy_sot

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов көріпкел сотта жалған сөйлеп жатыр деп мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, көріпкел жедел жәрдем туралы айтпаған.

«Маған бұл айтқаным көмектесе ме білмеймін, бірақ, куәгер өтірік айтып тұр. Бишімбаев куәгерге бірінші рет телефон соққанда, мен оның қасында болған жоқпын. Екінші рет телефон соққанда жанында тұрдым. Куәгер қазір айтып тұрғандай, ол жедел жәрдем туралы айтқан жоқ. Ол «Салтанаттың миы демалсын» деді. Жеке өзім оның жедел жәрдем шақыр дегенін естіген жоқпын», - деді Бақытжан Байжанов.

Айта кетейік, бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотында Шымкент қаласында тұратын көріпкел жауап берді. Куәгердің айтуынша, ол Бишімбаевты бір жарым жылдан бері танитынын айтты. Қуандық Бишімбавты бұл куәгермен анасы таныстырған көрінеді. Куәгер сол күні Бишімбаев қайта-қайта мазасыз алғанын, «бәрі жақсы деген хабарлама жіберіңізші» деп өтініш жасағанын айтып берді.

«Бишімбаев маған 9 қараша күні күндіз хабарласып, Салтанат екеуміз мас болып, төбелесіп қалдық деді. Мен «не болды, қай жері жараланды?» деп сұрадым. «Біз мейрамханада қатты мас болып, төбелесіп қалдық» деді. Мен жедел жәрдем шақырыңыз дедім. Ол өзі адам төзгісіз кісі ғой. Маған қайта-қайта телефон шалып, «Салтанат оянады деп айтыңызшы», «Салтанат оянбай жатыр, бірдеме істеңізші» деді. Мен «дәрігерге барыңдар, мен не істей аламын?» дедім. Ол өзіме «қайдағы жедел жәрдем, ол оянады» деді. Ол мас болды, маған қайта қайта хабарласып, мазамды алды», - дейді куәгер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →