×

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
Коллаж Qaz365.kz

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді кешқұрым әлеуметтік желіге видео жариялап, Салтанат Нүкенова мен Райымбек Баталовтың Қуандық Бишімбаев ойлағандай байланысы болмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Дәл қазір Ленара Баталоваға (Райымбек Баталовтың әйелі), Райымбек Баталовтың өзіне де қарсы үлкен «хейт» жүріп жатыр. Менің жеке пікірім: олар да осы процестегі зардап шегушілердің бірі. Сотталушының басындағы ойы – өзінің басындағы ғана ой-пайымы. Кеше біз оның ұялы телефонын зерттеген кезде судья оның ұялы телефонын зерттеуді соңғы видеоларынан бастады. Содан кейін көп адамға көп нәрсе түсініксіз болып қалды. Әуелі әрі ұзақ уақыт бойы Салтанат Бишімбаев тоқтамай қоя берген сұрақтарға нақты жауап береді», - дейді ол.

Бүгін де сот шеңберінде видеожазбалар зерттелген. Айтбек Амангелдінің айтуынша, себебі қорғау жағы болған нәрселерді болмаған деп сөйлей бастаған. Демек, бәріне білгілі нәрсені жоққа шығарғысы келді. 

Осылай деген Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады. Онда Бишімбаев Салтанатқа «сен онымен жаттың ба, жатпадың ба?» деп мазасын алғаны естіледі. Салтанат «жатпадым» деп жауап береді.

«Бұдан артық қандай дәлел керектігін білмеймін. Шын мәнінде, маған бәрібір. Сот шеңберінде бәрін дәлелдедік. Бүгін видеоның осы бөлігі неге естілмегенін білмеймін. Салтанат сол кезде не дегенін естірткім келді. Бұл жай ғана факт. Ол (Бишімбаев) өзінің «ауру сұрағына» керекті жауап алу үшін сұрақты тынымсыз қоя берген. Баталовтан нені қызғанғанын білмеймін. Қызғанышын ойдан құрып, мотивті құрып алған», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →