1-орын үшін жүлде қоры – 1 млн теңге
Алматыда Наурыз мерекесіне орай қаланың көрнекі безендірілуінің үздік дизайнына конкурс жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Наурыз мейрамы-2023» арналған ең үздік визуалды безендіру дизайнына конкурс жариялайды.
Байқауға қатысу үшін қаланы билбордтармен безендіру бойынша түпнұсқа тұжырымдамасын әзірлеу және оны альбом түрінде ұсыну қажет: альбом стилистиканы, түс схемасын және билбордтардың дизайнын қамтуы керек. Жұмыстар салмағы 20 Мб-тан аспайтын PDF форматында қабылданады, бастапқы файл CorelDraw (қисық) бағдарламасында жасалуы керек.
Өтінімдерді қабылдау 31 қаңтардан басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады. Үздік жұмысты 21 ақпанда Дизайнерлер одағының, Суретшілер одағының, Алматы қаласы жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері кіретін жұмыс комиссиясының мүшелері таңдайды. Байқау нәтижелері Алматы қаласы мәдениет басқармасының ресми сайтында жарияланады.
Ең үздік дизайн қаланың жарнама алаңдарында орналастырылады.
1-орын үшін жүлде қоры – 1 млн теңге, 2-орын үшін – 500 000 теңге, 3-орын үшін – 300 000 теңге.
Ұсыныстарды альбом түрінде almatymadeniet02@gmail.com электрондық поштаға жіберілуі керек.