×

Қанат Ысқақов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында туған

Қанат Ысқақов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды qaz365.kz. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі жазды.

Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында туған. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.

2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңартылмаған базарлар жабылады
Бүгін, 16:12

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңартылмаған базарлар жабылады

Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады
Нақты қай банктің қызметкерлері тергеуге ілінгенін құзырлы орган ашып айтпайды
39 кен орнының 12-сі – алтын кені

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →