×

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Qaz365.kz

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Qaz365.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соған сәйкес, нысан маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша тексеріс шаралары қабылданды.

Жолаушылар терминалдарына кіре берістегі 5 тексеру желісі іске қосылды. Бұл тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін жасалған.

«Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту және азаматтық авиацияның әуе көлігі инфрақұрылымының авиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалаумен байланысты. Бұл іс-шаралар заңсыз араласу актілерін болдырмау үшін әуежайлардың пайдалану қызметтерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын және қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіледі.», – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімдерінен уақытылы өту үшін әуежайларға ертерек келуі керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тимур Елеусізов жаңа қызметке тағайындалды
Бүгін, 13:50

Тимур Елеусізов жаңа қызметке тағайындалды

Қала аумағындағы саябақтарды, скверлерді және жағалауларды күтіп ұстау мен қызмет көрсетумен айналысады
Гүлнәр Досаеваның 2024 жылғы табысы жұбайының табысынан асып түсті
«Отбасы банк» – тұрғын үй құрылыс жинақтарын ресми түрде қабылдап, несие беретін бірден-бір банк

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →