×

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Фото: Jogargy_sot

Өзінің айтуынша, сотталушы алғашқысында Салтанаттың өлімін естіген кезде мейрамханада, екінші жағдайда ешкім көрмеген уақытта камерада өзін өлтірмек болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жарыссөзде Бишімбаев прокурор Асхат Нұрбеков оны камерада 24/7 бақылап отырғанын және сотталушының өзін-өзі өлтірмек болғанын көрмегенін еске салды.

– Мен қазір біреу маған аяушылық танытсын келмейді. Бірақ мен оны шынымен жасадым (өз-өзіне қол жұмсау әрекеті). Прокурорға да, камерада біреуге де көрінбей істегім келді. Егер біреудің көзінше істесең, ол – театр ғана. Қайтпастай, жылдам әрі байқалмайтын жолды табу керек болды. Мен оны таптым деп ойладым, бірақ ол болмай қалды, — деді Бишімбаев.

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады.

Сот процесіне үзіліс жарияланды. Ертең жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →