×

Астанада инфляция 23%-ға жетті – бұл елдегі ең нашар көрсеткіштердің бірі - Тоқаев

Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттады

Астанада инфляция 23%-ға жетті – бұл елдегі ең нашар көрсеткіштердің бірі - Тоқаев
Фото: stan.kz

Астанада инфляция 23%-ға жетті – бұл елдегі ең нашар көрсеткіштердің бірі, деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

"Қаладағы өте өзекті мәселе – инфляцияның жоғары болуы. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бағаның қымбаттауы 23 пайызға жеткен. Бұл – республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Астанада азық-түлік бір жылда орта есеппен 25 пайызға қымбаттады", - деді Тоқаев сейсенбі күні Астананы дамытуға арналған кеңес отырысында.

Мемлекет басшысының сөзінше, әкімдік тұрақтандыру қорында резерв жинауды қойып, "айналым схемасы" аясында сауда желілеріне жеңілдікпен займ беруге көшкен.

"14 миллиард теңге бөлінді. Бұл – өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қабылданып жатқан шаралардың тиімсіз екені анық. Жылдар бойы елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтылды, Бірақ жұмыс орындалмады. Астана азық-түлікті Алматыдан 4 есе, ал Шымкенттен 2 есе аз өндіреді. Жалпы, барлық өңірмен салыстырғанда қала бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр. Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінген азық-түлік импорты 3 есеге артты. Негізінен осы жерде шығаруға болатын өнімдер туралы сөз болып отыр. Бұл ретте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындары тек жарым-жартылай жұмыс істеп тұр", - деп атап өткен президент.

Тоқаевтың айтуынша, көкөніс сақтайтын қойманың жетіспеуі салдарынан жағдай қиындап отыр.

"Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын қоймалар салу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын", - деп тапсырды президент.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы облысында тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр
Бүгін, 07:16

Алматы облысында тұрғын үй мәселесі қалай шешіліп жатыр

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады
Мерекелік шарада аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →