×

Оралда өрт шыққан мектептің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр

Дәрігерлердің айтуынша, 66 жастағы азамат түтінге тұншығып қалған

Оралда өрт шыққан мектептің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр
Фото: Астана арнасы

Оралда отқа оранған мектеп-лицейдің күзетшісі ауыр халде ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 66 жастағы азамат түтінге тұншығып қалған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қызыл жалын ғимарат ішіндегі 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір бүлінген жер қоршауға алынып, мектепте сабақ тоқтатылған. Білім ошағындағы 26 сыныптың бәрі де онлайн оқу режиміне көшірілді. Онлайн-сабақтың қашан аяқталары әзірге белгісіз. Мектеп басшылығы анықтаушылардың шешімін күтіп отырғанын айтады.

"5-сыныптың кабинеті өртенген. Қасында тұрған ағылшын тілі кабинеті өртенді. Төбе мен қабырға күйе-күйе. Кабинеттің парталары өртеніпті. Жоғарыдағы шамдарының бәрі өртенген", - дейді № 28 мектеп-лицей директорының орынбасары Әлия Дүйсеғалиева.

Әзірге тілсіз жау электр желісінің қысқа тұйықталуынан болған деген болжам айтылуда. Телеарна тілшісінің хабарлауынша, мектеп күзетшісі электр қуатын ажыратпақ болған кезде токқа соғылған. Түтінге тұншығып, уланған оған жедел көмек көрсетіліп, сыртқа шығарылған. Қазір мектепке қанша шығын келгені анықталып жатыр.

"Өртті жоюға департаменттен 54 адам жеке құрам мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен оған кінәлі тұлғаларды және материалдық шығынды анықтау бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр", - дейді облыстық ТЖ департаментінің басқарма батығы Мереке Жұмағалиев. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →