×

Тергеуші кімді жасырып отыр – өзіне қол жұмсады деген тараздық сарбаздың адвокаты шұғыл мәлімдеме жасады

Ол адамдар нақты анықталса да, тергеуші оларды қамауға алмай отыр

Тергеуші кімді жасырып отыр – өзіне қол жұмсады деген тараздық сарбаздың адвокаты шұғыл мәлімдеме жасады
коллаж Qaz365.kz

Өзіне қол жұмсады деген тараздық сарбаз Мираш Бекболдың адвокаты Айман Омарова шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, тергеуші жәбірленуші тарапқа ескертпей, қайтадан сот сараптамасын тағайындаған.

«Мираш Бекболдың өлімі туралы «суицид» деп тергеп жатыр дегенді ріңіз естіп жатқан да шығарсыздар. Одан бөлек кеше тағы да басқа мәліметтерді айттым. Сот молекулярлық қосымша комиссиялық сараптама жасаған. Ол сараптама бойынша үш ер адамның және тағы да екіден астам адамның шәуіті табылған. Ол адамдар нақты анықталса да, тергеуші оларды қамауға алмай отыр. Ал екіден астам адамды анықтамай, іздемей отыр. Мен қазір тергеу тобының басшысы Қарағұловқа қоңырау шалдым. «Біз істі сотқа жібермейміз, істі әлі тергеп жатырмыз. Тергеу барысында қайтадан қосымша генетикалық-молекулярлық сот сараптамасын тағайындадым» дейді. «Қашан тағайындадыңыз?» - деген сұрағыма: «30 қаңтар күні» деп жауап берді.

«Сіз сонда сот сараптамасын жіберіп қойдыңыз ба? Сот сараптамасы болғанда жәбірленуші Мираш Бекболдың және 34  адамның биоматериалдарын алып тексердіңіздер. Соның ішінде 3-еуі анық көрсетілген. Одан бөлек тағы 2-ден астам делінген. Ал ол жерде 70-тен астам адам бар. Басқалардікін неге тексермейміз?» - дедім.

Адвокаттың айтуынша, тергеуші жәбірленуші тарапты, оның өкілін ұосымша сот сараптамасын тағайындау қаулысымен таныстырмаған. Сөйтіп, жәбірленуші тараптың ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 274-бабында көрсетілген құқықтарын бұзған.

«Сонда тергеу тобының басшысы Карагулов бұл жерде кімді жасырып отыр? Немесе жасырғысы келіп отыр? Біз бұл тергеушіге сенбейміз. Осы туралы ресми түрде мәлімдеймін. Себебі бұл жерде нақты Мираштың ғана мәселесі емес, әскердегі барлық жігіттеріміздің, болағашғымыздың мәселесі қозғалып отыр. Бұған қалай болса, солай қарауға болмайды», - деп мәлімдеді адвокат Айман Омарова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →