Төрегелді Шарманов 1930 жылы қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген
Қазақстан тағамтану академиясының президенті, белгілі диетолог Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Төрегелді Шарманов 1930 жылы қазіргі Ұлытау облысында дүниеге келген. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижеде тәмәмдаған.
1967 жылы «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; 1968 жылы профессор; 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; Ресей Медицина Ғылым Академиясының академигі атақтарын алған.