×

Атырау облысының бұрынғы әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Махамбет Жолдасқалиұлы 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында туған

Атырау облысының бұрынғы әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz

Атырау облысының бұрынғы әкімі Махамбет Досмұхамбетов «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның еншілес компаниясы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің бас директорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды  qaz365.kz тілшісі  inform.kz-ке сілтеме жасап.

«2023 жылғы 1 ақпаннан бастап Махамбет Досмұхамбетов бас директордың өндіріс мәселелері бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген компания хабарламасында.

Махамбет Жолдасқалиұлы 1960 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында туған.

1983 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Геология және мұнай-газ кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы Қазақ мемлекеттік заң университеті, іскерлік әкімшілік магистрі болған.

Еңбек қызметін 1983 жылы «Ембімұнай» бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған.

Түрлі жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да бас геолог, геология және геофизика бойынша бас директордың орынбасары, геология және өңдеу бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.

Соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология бойынша басқарушы директоры – бас геолог, ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары және ірі операциялық емес активтер және теңіз жобалары бойынша бас вице-президенті лауазымдарын атқарған.

2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →