×

Түркістан облысында тұрғындардан трамадолдың 1 мыңнан астам таблеткасы тәркіленді

10 таблеткадан болатын 26 пластинасын тапты

Түркістан облысында тұрғындардан трамадолдың 1 мыңнан астам таблеткасы тәркіленді
Фото: Polisia.kz



Түркістан облысында тұрғындардан трамадолдың 1 мыңнан астам таблеткасы тәркіленді,  деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес ауданы аумағында трамадол дәрілік препаратын сатумен айналысатын ер адамды анықтады.

“Полицейлер жергілікті тұрғынды тексеру кезінде одан трамадол препаратының әрқайсысында 10 таблеткадан болатын 26 пластинасын тапты. Одан әрі қарай жедел шаралар барысында ер азамат сатуға тыйым салынған дәріні Сарыағаш ауданының тұрғынынан алғанын айтты. Шұғыл іздестіру іс-шараларын жүргізген жедел уәкілдер Сарыағаш ауданының тұрғынын да анықтап, оны 40 қаптама әсері күшті препаратты сату кезінде ұстады. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғынының қалтасынан трамадолдың 3 пластинасын тапты. Дәрілік препараттың жалпы саны 100-ден астам пластинаны немесе трамадол препаратының 1000-нан астам таблеткасын құрады”, – деп жазды  Polisia.kz баспасөз қызметі.

Жинақталған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ережелерді бұзу) бойынша тіркеліп, тиісті шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне тапсырылды.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →