×

Аймағамбетовтың қай университетте оқытушы болатыны белгілі болды

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті

Аймағамбетовтың қай университетте оқытушы болатыны белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

 

Асхат Аймағамбетов енді бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі. Бұл туралы оқу ордасының сайтында жазылды.

“Асхат Қанатұлы біздің студенттерімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз”, – деп жазды оқу орнының баспасөз қызметі.

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов –
2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.

«Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын» – деді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін, экс-министр Аймағамбетовтың оқытушы боламын деген ойы бар екенін жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →