×

Алматылық мұғалімдерді сайлау науқанына қатысуға мәжбүрлеуде: Аймағамбетов не деді

Аймағамбетов Аманат партиясы атынан алдағы сайлауға түскелі отыр

Алматылық мұғалімдерді сайлау науқанына қатысуға мәжбүрлеуде: Аймағамбетов не деді
фото: ашық дереккөзден

Мұғалімдерді алдағы Мәжіліс сайлауына тағы «жегіп» қойса, не істейсіз? Реакция білдіресіз бе? Ulysmedia.kz порталының тілшісі бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке осылай сұрақ қойды, деп хабарлайды qaz365.kz

«Нақты фактілер болса, біз олармен жұмыс істейміз. Бізде заңмен мұғалімдерді өзіне тән емес жұмыстарға тартпау бойынша нақты жауапкершілік бекітілді. Сондықтан, егер қандай азамат болсын, мамандығына қарамастан, біреу мәжбүрлеп немесе құқықтарын жоятын болса, зиян келтіретін болса, мәжбүрлейтін болса, осы елдің азаматы ретінде ол мәселеге тікелей қатысамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, Аймағамбетов Аманат партиясы атынан алдағы сайлауға түскелі отыр.

Мұғалімдердің құқығын қорғауға білек сыбана кіріскен Аймағамбетов сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанса, бұл мәселе туралы біраз басын ауыртуға тура келетін сияқты. Өйткені мұндай мәжбүрлеу шаралары қазірден-ақ басталып кеткен. Алматы әкімдігінің мектептерді сайлау туралы ақпарат таратуға міндеттегені жайында qaz365.kz жариялаған болатын.

Нақтырақ айтсақ, мегаполистегі кейбір мектеп директорлары редакциямызға хабарласып, әкімдіктің мектептерді сайт және әлеуметтік желілерде 2023 жылдың 19 наурызында кезектен тыс өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы жайлы ақпарат таратуға міндеттегенін айтып шағымданған болатын. Олар білім ресурстары саясиланып кетпей ме деп алаңдайды. 

Білім ордалары басшыларының айтуынша, мектептер әр материалдың қайда жарияланғаны жазылған және де сілтемесі берілген форманы толтырып, әкімдікке есеп беруі керек. Бұл жөніндегі материалды берілген сілтеме арқылы оқи аласыздар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін, 09:33

"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!
Ақтаудан шыққан лайнер бес елдің портына тоқтап Ресейге дейін барады
Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →