×

Алматыда мектеп түлектерінің ата-аналары ондаған миллион теңгеге алданып қалды

Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар

Алматыда мектеп түлектерінің ата-аналары ондаған миллион теңгеге алданып қалды
kazbilim.kz

Алматыда түлектердің ата-аналары ондаған миллион теңгеге алданған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жолы "кәсіпкерлікті" жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығы директорының атынан "әрекет еткен" 22 жастағы Ж. есімді азамат көрсеткен.

"Келісімшарт талаптарына сәйкес, ата-анаға – 238 мың теңгені бөліп төлеуге болатын. Сөйте тұра, бала тестілеуден өтпей қалса, "мұғалім" ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде оқу орталығының негізін қалаушы жоқ болып кеткен. Балалар уәде етілген сабақтарды алмаған. Ал ата-аналары полицияға көмек сұрап жүгінген. Дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталды және қамауда отыр", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →