×

Роза Рымбаева әкім Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады

Секіріп-секіріп әзер жеттік

Роза Рымбаева әкім Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады
Коллаж Qaz365.kz

Бүгін елімізде Кеншілер күні. Жеті қат жер астына түсіп, кен өндіретін аймақтарда мереке тойланып жатыр. Сондай өңірдің бірі - Ұлытау облысына қарасты Қаражал қаласы. Ауыр кәсіп иесі кеншілердің кәсіби мерекесіне ортақтасып келген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева облыстағы жол сапасын сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

«Қаражалға қуана-қуана келдім. Түні бойы жол жүрдім. Ұйықтаған жоқпын. Оның үстіне жолды бұл жақтың жолын білесіздер. Секіріп-секіріп әзер жеттік. Жолды жөндеу керек, бастықтардың құлағына алтын сырға. Мен жарайды, анда-санда бір келемін. Ең бірінші сіздер ғой сол жолмен жүретін», - деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Қаражал кенті қазір Ұлытау облысына қарайды. Облысты Берік Әбдіғалиұлы басқарады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шотыңыздан ақша жоғалуы мүмкін – БЖЗҚ ескерту жасады
Бүгін, 22:47

Шотыңыздан ақша жоғалуы мүмкін – БЖЗҚ ескерту жасады

Алаяқтар 1414 нөмірінен келген кодты айтып, кезекті брондауды сұрайды
Олардың 16-сы сот шешімен елден шығарылатын болды
Қазақстанға жылына 495 мың тонна қант сырттан әкелінеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →