×

ШҚО әкімі шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты

Барлық қажетті көмек көрсетіледі

ШҚО әкімі шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты
Ашық дереккөздерден

ШҚО әкімі шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев “Ертіс” шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Қайтыс болған жұмысшылардың екеуі – «Шығыстүстімет» ЖШС қызметкерлері, екеуі – мердігер ұйымдардың қызметкерлері, зардап шеккен тағы бір жұмысшы ауруханаға жатқызылды.

“Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда”, – деді өңір басшысы Ермек Көшербаев.

Еске сала кетейік, кеше “Ертіс” шахтасында қайғылы оқиға болып, төрт жұмысшы қаза тапқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматы ипподромы – ел тарихындағы ең көне және мәдени маңызы зор спорт нысандарының бірі
Дрон-шоу, 15 мың көрерменнің қатысуымен Әнұран орындалып, мерекелік концерт ұйымдастырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →